Көкшетауда мұзайдындар ашылды
Қысқы спорт түрлерін дамытуға үлкен мүмкіндігі бар қалалардың бірі - Көкшетау. Мұнда Сочиде өтетін Олимпиада ойындарына арналған түрлі шаралар қолға алынуда. Соның бірі қаланың әр жерінде салынған ашық аспан астындағы мұзайдындар.
Коньки тебуге әуесқойлар «Бурабай» спорт кешеніндегі мұз айдынына барып сырғанайтын. Енді, міне, қыс келісімен олар үшін мүмкіндік артты.
Уалихан Ғалиев, Көкшетау қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі:
Биылғы өтетін қысқы Олимпиада ойындарына арналып Көкшетау қаласында сегіз ашық мұз алаңы салынды. Оның алтауында мұз қолдан құйылған, екеуі өзеннің үстінде. Сондай-ақ, 19 мектептің жанында шағын корттар бар.
Бақтияр Ертөстік, № 17 орта мектептің оқушысы:
Осында үйренген, үйренебеген балалар келіп сырғанақ тебеді. Мен үйренбеген едім. Осында келіп, өзімді жаттықтырып жатырмын.
Мүмкіндікті қалт жібермеген көкшетаулықтар конькиін арқалып осы мұзайдындарға келеді. Ал, конькиі жоқтар жалға алады.
Еркебатыр Қалиев, кәсіпкер:
Негізінен демалыс күндері келеді адамдар. Жай күндері 40-50 адам болады. Демалыс күндері 250 адамнан асады. Бағасы сағатына 300 теңге.
Мұндай мұз алаңдарының ашылуы бұқараны салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Алдағы уақытта осы корттарда мектеп жасындағы балалар үшін жарыстар өткізілмекші.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
11.08.2026, 17:10
Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
11.08.2026, 17:08
Бельгияда Абайдың мүсіні қойылады
11.08.2026, 17:05
Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды
11.08.2026, 17:02
Ел жаңалықтарына шолу
11.08.2026, 17:01
Форт-Шевченко қаласында ауызсу мәселесі шешілді
11.08.2026, 16:58
Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр
11.08.2026, 16:57
Қазақстандағы реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі
11.08.2026, 16:55