Дакар-2014 раллиінің сегізінші кезеңі артта қалды
Дакар автомарафоны Чили аумағына келіп жетті. 8-ші кезеңде жерлестеріміз 28-ші нәтиже көрсетті. Жалпы есепте команда әзірге 21-ші орында.
Көлденең кездескен қиындыққа мойымай, одан сабақ алған экипаж тактикасын өзгертті. Енді көлікті жарыс соңына дейін жарату қажет. Бұл әрине оңай шаруа емес. Көліктің істен шығып қалмауына ешкім де кепілдік бере алмайды.
Ең бастысы әлі де жарыс жолында. Сайыс кезінде нәтижелерді сараптап, экипажға қажетті кординаттарды алып, тауып беру команда менеджерінің жұмысы. Анджело Суджет алты тілде еркін сөйлейді. Экипаждың әр мүшесімен емін-еркін тілдесіп, оларға қажетті барлық жағдайды жасап беруге әзір.
Анджело Суджет, «Татра» командасының менеджері:
Біздің командамызда Артур секілді бесаспап жүргізушінің барына қуанамын. Ол өткен жылдары «Камаз» көлігімен керемет нәтижелер көрсеткен. Енді «Татрамен» де талай бикіті бағындырады деп ойлаймын. Оның бай тәжірибесі бізге ауадай қажет. Бұл су жаңа жүк көлігі. Сондықтан, бұл Дакар біз үшін үлкен сынақ әрі тамаша тәжірибе болмақ.
Индира БЕКТЕНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
11.08.2026, 17:10
Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
11.08.2026, 17:08
Бельгияда Абайдың мүсіні қойылады
11.08.2026, 17:05
Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды
11.08.2026, 17:02
Ел жаңалықтарына шолу
11.08.2026, 17:01
Форт-Шевченко қаласында ауызсу мәселесі шешілді
11.08.2026, 16:58
Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр
11.08.2026, 16:57
Қазақстандағы реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі
11.08.2026, 16:55