«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды. Бұл туралы Партия төрағасы Айбек Дәдебай көлік-логистика саласының өкілдерімен өткен кездесуде мәлімдеді. Жиынға мемлекеттік органдардың, ірі компаниялар мен салалық бірлестіктердің басшылары қатысты. Кездесуде еліміздің экономикалық өсімінің негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған көлік-логистика саласын дамыту мәселелері қаралды. Партия төрағасының айтуынша, көлік пен логистика- жеке табысы бар, экономикаға қосатын үлесі зор жəне жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін дербес экономикалық салаға айналып келеді. Іскерлік кеңес - осы бағытта диалог құруға және ортақ шешімдер әзірлеуге арналған тұрақты алаң болмақ. Бүгінде Қазақстан Еуразиядағы ең ірі көлік-транзиттік хабтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтып келеді. Былтырғы қорытынды бойынша сала 20%-ға өсіп, оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 6%-ға жетті, ал транзиттік тасымал көлемі 39 млн тоннадан асты.
Айбек Дәдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:
Бұл бағыт транзиттік табысты арттыруға, қызмет экспортын ұлғайтуға және өңірлердегі іскерлік белсенділікті күшейтуге тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл сала «Әділет» партиясының негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді. Мұндай кездесулерді енді тұрақты түрде өткізетін боламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы