Басты Жаңалықтар Цифрлық мәліметтерді қорғау – өте маңызды

Цифрлық мәліметтерді қорғау – өте маңызды

Қазақстан өз азаматтарының цифрлық құқықтарын қорғау нормаларын Конституцияға енгізуі өте маңызды шешім. Себебі бүгінгі таңда халықтың цифрлық мәліметтерін қорғау, Отаныңды қорғаумен тең. Бұл жаңа технологиялар мен жасанды интеллект бойынша түркиялық сарапшы Женгиз Чалыкоғлының пікірі.

Женгиз Чалыкоғлы, цифрлық қауіпсіздік және ЖИ бойынша сарапшы:

Цифрлық қауіпсіздік пен жасанды интеллект мәселесін Конституцияға енгізу, Жасанды интеллект министрлігін құру өте батыл қадам. Бұл бағыттағы инфрақұрылымды дамытып, экожүйе қалыптастыру Қазақстанды түркітілдес елдер арасында осы саладағы көшбасшы ететіні сөзсіз. Себебі қазір цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуда бір жыл да бос өткізуге болмайды. Ал цифрлық мәліметтерді қорғау шекараны қорғаумен тең.

Бөлісу