Басты Жаңалықтар Ресейде смартфондар мен ноутбуктерге алым енгізілді

Ресейде смартфондар мен ноутбуктерге алым енгізілді

Желтоқсанның бірінен бастап Ресейде смартфондар мен ноутбуктерге жаңа технологиялық алым енгізілді. Тиісті құжатқа сәйкес, алым құрылғының әр данасына есептеледі. Оның мөлшері техника түріне және тауардың мемлекеттік таңбалау жүйесінде тіркелуіне байланысты болады. Алайда бұл төлемді азаматтардың өзі тікелей емес, электрониканы елге импорттайтын немесе Ресейде өндіретін кәсіпкерлер төлеуге міндетті. Алымның базалық мөлшері ноутбук үшін 746 рубль, смартфон үшін 373 рубль. Ал мемлекеттік жүйеде тауардың бренді мен моделі туралы ақпарат болмаса, бұл сома ноутбукке 992 рубльге, смартфонға 496 рубльге дейін көтерілуі мүмкін. Кәсіпкерлер қосымша шығындар қара нарықтың қанат жаюына сеп болады дейді.

Александр Белов, сарапшы:

Бұл ең алдымен елден ірі брендтердің кетіп, техниканың айтарлықтай қымбаттауына әсер етеді. Отандық өндіріске баса мән беру жоспарланып отыр, бірақ оған жылдар қажет. Техникаға алым дефициттің өсуіне де сеп болады.

Бөлісу