Кузин – төртінші, Креч – оныншы
Жапонияның Нагано қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден спринтерлік көпсайыс бойынша Әлем чемпионатында ерлер арасынан 500 және 1000 метрлік қашықтыққа жарыстар аяқталды.
500 метрлікке жүгіруде Голландия спортшысы Мишель Мюлдер топ жарды. Екінші және үшінші орынды австралиялық Дэниел Грейг пен жапон Кеичиро Нагашима еншіледі. Қазақстандықтар Роман Креч пен Денис Кузин мәре сызығын 7-ші және 14-ші болып кесті.
Ал 1000 метрлікке жүгіруде Денис Кузин тек америкалық Шэн Дэвиске есе жіберді.
Жалпы есеп бойынша Мишель Мюлдер Әлем чемпионы атанды. Күміс жүлдені Шэн Дэвис, ал қоланы Кеичиро Нагашима жеңіп алды. Денис Кузинге жеңіс тұғырына көтерілуге 1,12 ұпай жетпей қалды. Ал Роман Креч ондықты қорытындылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
11.08.2026, 17:10
Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
11.08.2026, 17:08
Бельгияда Абайдың мүсіні қойылады
11.08.2026, 17:05
Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды
11.08.2026, 17:02
Ел жаңалықтарына шолу
11.08.2026, 17:01
Форт-Шевченко қаласында ауыз су мәселесі шешілді
11.08.2026, 16:58
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр
11.08.2026, 16:57
Қазақстандағы реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі
11.08.2026, 16:55