«Барыс» 4:3 есебімен «Юградан» басым түсті
«Барыс» клубы Континентальді хоккей лигасы аясында «Югра» клубымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын басталысымен шабуылға шыққан айдын иелері 49-шы секундта есеп ашты.
Константин Руденко бастаған шабуылды Николай Антропов қостап, Роман Старченко түйіндеді. Алғашқы жиырма минуттықтың соңында Никита Гесув таразы басын теңестіріп үлгерді.
Алайда, екінші кезеңде «Барыс» сапынан Михаил Рахманов, Николай Антропов, Брэндон Боченский мергендігімен көзге түссе, оған қонақтардан Артем Булянский бір шайбамен жауап қайтарды.
Шешуші кезеңде Булянский тағы бір шайба соққанымен, «Юграның» одан арыға шамасы жетпеді. Қорытынды есеп - 4:3. «Барыс» келесі кездесуін ақпан айының 26-шы жұлдызында «Атлантамен» өткізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
11.08.2026, 17:10
Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
11.08.2026, 17:08
Бельгияда Абайдың мүсіні қойылады
11.08.2026, 17:05
Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды
11.08.2026, 17:02
Ел жаңалықтарына шолу
11.08.2026, 17:01
Форт-Шевченко қаласында ауыз су мәселесі шешілді
11.08.2026, 16:58
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр
11.08.2026, 16:57
Қазақстандағы реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі
11.08.2026, 16:55