Биатлоннан Азия чемпионаты жалғасуда
Алматыда биатлоннан Азия чемпионаты жалғасуда. Жарыстың екінші күні ерлер 15 шақырымды еңсеріп, тағы бір қашықтықтың жеңімпазын анықтады. Спринттік сайыста чемпион атанған құрама үздіктері Сергей Наумик пен Ян Савицкий бұл бәсекеге қатыспай, демалыс алды.
Мұндай мүмкіндікті 20 жастағы павлодарлық Максим Браун мүлт жібермей, мәре сызығын бірінші болы кесті. Тұғырдың екінші сатысына шығысқазақстандық Вадим Иванов көтерілсе, үшінші орынды Ақмола облысының өкілі Арман Сұлтанов иеленді.
Әйелдер жарысында Галина Вишневская- Елена Хрусталеваның алдын орап, мәреге бірінші болып келді. Ольга Полторанина үшінші уақыт көрсетті. Құрлықтық сайыс ертең өз мәресіне жетеді.
Арман Сұлтанов, Азия чемпионатының қола жүлдегері:
Биатлонмен 8 жыл айналысып келемін. Бүгін ауа-райы қолайсыз болды. Қарсыластарым мықты.
Индира БЕКТЕНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар өзен-көлдердің жағасын тазалады
11.08.2026, 17:10
Абай күнінде Жетісу облысында жүзден аса мәдени шара өтті
11.08.2026, 17:08
Бельгияда Абайдың мүсіні қойылады
11.08.2026, 17:05
Бір колледжде оқыған 10 жігіт әскерге бірге барды
11.08.2026, 17:02
Ел жаңалықтарына шолу
11.08.2026, 17:01
Форт-Шевченко қаласында ауыз су мәселесі шешілді
11.08.2026, 16:58
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясы салынып жатыр
11.08.2026, 16:57
Қазақстандағы реформалар - саяси трансформацияның жаңа кезеңі
11.08.2026, 16:55