Басты Жаңалықтар Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған

Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған

Әлеуметтік желіде артық салмақтан арылтатын инелердің жарнамасы қаптап кетті. Көбі пептидтік препаратты аз уақытта арықтауға көмектеседі деген уәдеге сеніп сатып алатын көрінеді. Алайда дәрігерлер иньекцияны өз бетімен қолдану қауіпті деп дабыл қағып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде мұндай өнімдер салмақ тастауға арналған дәрі ретінде тіркелмеген. Тақырыпты Назерке Өтеген тарқатады.

Арықтататын дәрілердің ішінде ең жиі жарнамаланатыны – осы «препараттар. Олардың құрамында семаглутид дейтін дәрілік зат бар.

Ақбаян Мейірғазықызы, Эндокринолог:

Мидағы ашығу, тойынуды тежеу арқылы адам өзінің қарны ашқанын көп уақытқа дейн сезбейтін болады. Маған келген пациенттер чаттар арқылы дәрігердің тағайындаусыз, әкелу, сақтау жолдары белгісіз, тіркелмеген, қара сауда дейміз ғой сондай пептидтер бар бізде. Оны науқастардың өздері де алдырып жатады. Бұл кезде --- шағымдар болуы мүмкін.

Дәл солай жарнама арқылы, медициналық тексерістен өтпей, препаратты өзі қабылдағандардың бірі - астаналық тұрғын Альбина. Жүзін жасыруды сұраған кейіпкеріміз бұл қадамға босанғаннан кейін толып кеткен соң, артық салмақтан арылу үшін барған.

Альбина, қала тұрғыны:

Тәбетім одан да күшейе бастады. Салмағым да азайттым ғой 2 келі. Сол екі келінің бір жарымы қайтып келді өзіме. Керісінше өсе бастады.

Семаглутид негізінен 2-типті қант диабетін емдеуге арналған дәрілік зат. Тәбетті қашыратын әсері бары анықталғаннан кейін препарат артық салмағы бар науқастарға дәрігердің бақылауымен тағайындала бастады. Дәріге сұраныстың жоғары екенін байқаған пысықайлар оны ешқандай маманның нұсқауынсыз сатуға көшті.  

Ақбаян Мейірғазықызы, Эндокринолог:

Жеке арықтау ретінде ол басқа мемлекеттерде қолданылады. Алайда Қазақстанда арнайы арықтау ретінде семоглютид әлі қосылған жоқ.

Сол себепті елімізде құрамында семоглютиді бар дәріні нұсқамадан тыс мақсатта тағайындағандар да, жарнамалағандар да жауапқа тартылады.

Әсия Молдиманова, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті басқармасының басшысы:

ӘҚБ 80 бабына сәйкес айыппұл салынады. Ұлттық сараптау орталығында дәрілік заттрадың атауы және қандай жағымсыз әсері болды сол 2023 жылдан бастап бүгінге дейін 83 арыз шағым келіп түскен.142 интернет ресурсында қолжетімділікті шектеу бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігіне хат жолданды. Нәтижесі белгілі болған жағдайды интернет ресурстардың жұмысы тоқтатылады.

Назерке Өтеген, тілші:

Ал препаратты арықтау үшін қолдануға ресми рұқсат берілген елдерде де жағдай мәз емес. Мәселен, Ұлыбританияда былтыр GLP-1 дәрілік затын қолданған 22 адам көз жұмған. Оның  кең таралуы заңсыз онлайн сауданы да қыздырған. 2025 жылы елде 1500-ден астам сайт бұғатталып, 5 680 заңсыз препарат тәркіленген. 

Стивен Пауис, Ұлыбритания ұлттық денсаулық сақтау қызметінің медициналық директоры:

Препараттар бәріне бірдей арналмаған. Олар тек мұқтаж адамдарға ғана тағайындалуы тиіс. Ал аяқ-қолы сау адамдардың бірнеше келі тастау үшін бұл екпелерді қолданбағаны дұрыс.

Артық салмақ тастаудың зерттелген, дәлелденген және дәрігерлер нұсқайтын жолы көп. Ал пептидтік терапияға күмән көп. Сондықтан арықтаудың жеңіл жолын іздеймін деп, салмақты емес, денсаулықты жоғалтып алмаңыз.


Бөлісу