Мемлекеттік білім грант иегерлері тізімі жарияланды
Бұл бүгін мемлекеттік грант иегері атанған талапкерлердің қуанышты сәті. Тізімі жарияланғанын Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбект әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Биыл грант конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданған. Талапкерлер арасында ең көп сұранысқа ие бағыттар – педагогикалық ғылымдар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Биыл бакалавриат деңгейіне 75 мыңнан астам білім беру гранты бөлінді. Оның 60 пайызы инженерлік бағыттарға, 20 пайызы педагогикалық мамандықтарға, қалған бөлігі еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес басқа салаларға қарастырылды. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтарға, халықаралық олимпиадалар мен спорттық жарыстар жеңімпаздарына, сондай-ақ әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған 1816 грант бөлінді. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы