Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
Астанадан Алматыға бағыт алған 58 жастағы ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов Қарағанды қаласына жетті. Ол шәкірттерімен 1300 шақырымды жүгіріп өтіп, 23 тамыз күні Алматы қаласында сайлауға қатысуға ниетті. Қазір спортшылар межелі жолдың алғашқы 200 шақырымын еңсерген, ал алда мың шақырымнан аса қашықтық бар. Дегенмен тәжірибелі марафоншы бұл сапарды алдағы Азия чемпионатына дайындықтың бір бөлігі дейді. Жол бойындағы әр ауылдың тұрғындары спортшыларды құшақ жая қарсы алып, қазақы дәстүрмен құдайы қонақ етіп, дәм ұсынуда. 58 жастағы қарияның басты мақсаты жастарға үлгі болып, салауатты өмір салтын насихаттау.
Меңдібай Әлімғазинов, марафоншы:
Жастарға үлгі болсын деп, жаныма шәкірттерімді алып шықтым. Қазір 200 шақырым жүріп тастадық. Енді 1000 шақырымдай қалды. Қиыны алды. 500 шақырымға дейін Балқаш. Мидай дала. Дайындығымыз бар, төземіз.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13