Басты Жаңалықтар Жол құрылысы қарқын алды

Жол құрылысы қарқын алды

Ақтау қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында бірқатар ірі жобаның құрылысы басталды.

Солардың қатарында шаһардың көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік беретін жол құрылыстары да бар. Бүгінде бірнеше бағытта жаңа жолдар салынып жатыр. Оған қоса, көлік кептелісін азайту үшін екі жолақты жолдар 5-6 жолаққа дейін кеңейтіліп, жол қиылыстарында жолақтар саны көбейтілді. Сонымен қатар, жаңа шағын аудандарды байланыстыратын ұзындығы 2,5 шақырым жолдың құрылысы басталған. Қазіргі таңда 600 метр жол жиегі орнатылып, асфальт жабындысын төсеуге дейінгі жұмыстар жүріп жатыр. Айта кетейік, жол құрылысына жауын-шашынға төзімді жол жабындысы төселеді. Бұдан бөлек, жағалауда экосаябақтың құрылысы басталған. Жоба құны - 900 млн теңге. Бұл қаражатқа тұрғындарға арналған демалатын аумақ абаттандырылады.

Жұлдызбай Көңілімқосов, қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Ақтау қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында Нұрас жанар-жағармай құю бекетінен бастап, халыққа қызмет көрсету орталығына дейінгі 5 шақырымды құрайтын жолды реконструкциялау, кеңейту, жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілуде. Кептеліс азаятын болады.


Бөлісу