Балалар спортына бөлінетін қаржы екі есе көбейді
Кәсіби клубтарды қаржыландыруға енгізілген лимит пен легионерлер бюджет шектеудің нәтижесінде 8 млрд теңге үнемделді. Бұл туралы бүгін елордада өткен спорт конференциясында айтылды. Бұған дейін бюджет есебінен 180 спорт түрі қаржыландырылып келсе, олардың саны 67-ге дейін қысқарды. Басымдық Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада және ұлттық спорт түрлеріне беріліп отыр. Сонымен қатар, балалар спортына бөлінетін қаржы екі есеге жуық ұлғайды. Спорт мектептеріндегі бір тәрбиеленушіге арналған жылдық қаржыландыру көлемі 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін көбейген. Ал, жаттықтырушылардың біліктілік деңгейіне қарай жалақысына 30%- үстемақы қосылды.
Азамат Имашев, «Спортшылар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Былтыр заң жүзінде бюджеттік қаражаттан легионерлерді қаржыландыруға тыйым салды. Одан бөлек, бірінші топтағы мүгедек спортшыларды алып жүретін адамды қаржыландырады. Үздік спортшылардың жалақылары барлық өңірде бірдей болды. Сонымен қоса, спорт ұйымдарының басшыларының ротациясы заңға енді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30