Вейптің заңсыз айналымы: 25 дерек тоқтатылды
Вейптің заңсыз саудасы тыйылмай тұр. Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі 25 деректі анықтап, 276 мыңнан астам электронды темекіні тәркілеген. Қазір 18 адамға қатысты 14 іс сотқа жолданды. Мәселен, Астанадағы қылмыстық топ сауданы интернет-дүкендер мен мессенджерлер арқылы жүргізген. Олардың банк шоттары арқылы өткен ақша көлемі 3 млрд 200 млн теңгеден асады. Ал Қарағанды облысында құны 340 млн теңге болатын 30 мыңға жуық вейп тәркіленді. Алаңдататыны – бұл зиянды затты көбіне жастар мен кәмелетке толмағандар тұтынады.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Астанадағы департамент вейптердің заңсыз айналымын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тергеп жатыр. Қарағанды облысында Telegram-да вейп сататын интернет-дүкен ұйымдастырған адамдарға 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: Электронды тұтыну жүйелерін заңсыз әкелу, сақтау, тасымалдау және сату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Аваза саммиті: Қазақстан қандай бастамалар көтерді?
11.10.2026, 18:30
Контенттен кәсіпке дейін: Әлеуметтік желіні қалай тиімді пайдалануға болады?
11.10.2026, 18:05
Зейнетақыны есептеу: Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
11.10.2026, 17:58
Жасанды интеллект егістікке жетті: Қазақстандық шаруалар жаңа технологияны қалай игеріп жатыр?
11.10.2026, 17:21
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30