Алматыда ОСК төрағасы сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Алматыдағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, Құрылтай депутаттары сайлауына дайындық барысын тексерді. Нұрлан Әбдіров Түрксіб ауданындағы учаскелердің материалдық-техникалық дайындығымен танысты. Ерекше назар мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыруға аударылды. Учаскелерде пандустар, тактильді жолақтар, брайль трафареттері және аудиоматериалдар қарастырылған. Сондай-ақ Нұрлан Әбдіров оқушылар сарайында өткен учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің оқыту семинарына қатысты. Онда дауыс беру рәсімдері мен комиссия мүшелерінің іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Алматыда 1 қалалық, 8 аудандық және 670 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Мегаполисте 1 миллион 300 мыңнан аса адам дауыс бере алады.
Мақсат Жабулаев, №456 сайлау учаскесінің төрағасы:
Қазіргі таңда біз сайлауға тыңғылықты дайындалудамыз. Барлық сайлаушыларға шақыру қағазы таратылды. Оның өзі үш кезеңнен тұратын арнайы бағдарламамен жұмыс істеп жатыр. Бізге әр сайлаушының дауысы маңызды. Әр сайлаушының жеке қағаздарын қолына тапсыруға тырысып жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы