Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағында «Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес. Бұл – аксиома, ақиқат» дегені бар. Сонымен бірге «Заң үстемдігін орната алмаған ел түбінде құрдымға кетеді» деген тұжырымы жазылған. Және бір цитата: «Заң үстемдігі болмаса, тұрақтылық та болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жерде ешқандай даму да болмайды».
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жинақта Президенттің 1994 жылдан бастап кейінгі жылдарға дейінгі отыз жылдан астам уақыт ішіндегі ой-тұжырымы жинақталған.
Жинақ материалдары 21 тақырыпқа бөлінген. Онда заң үстемдігі, қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару, білім беру және жастар саясаты, цифрландыру, ұлттық бірегейлік, экологиялық мәдениет пен «Таза Қазақстан» бастамасы сияқты бағыттар қамтылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы