Басты Жаңалықтар Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады

Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов еліміздің қоғамдық кеңестерінің өкілдерімен кездесті. Өңір-өңірден келетін сан алуан ұсыныстар мен мәселелерге байланысты нақты шешім шығарып, жүйелі проблемалардың бірыңғай картасын бекіту жайын талқылады. Оған қоса, аймақтардағы нақты ахуалды көрсететін әрі жалпыұлттық күн тәртібін қалыптастыруға арқау болатын «Қоғам баяндамасын» әзірлеу ұсынылды. Аталған әрбір бастамаға Халық Кеңесінің бір мүшесін бекіту жоспарланған. Шешімдер қабылданҒанға дейін міндетті қоғамдық сараптама жүргізу, тәуекелдерді бағалайтын «нөлдік оқылым» тетігі жіті бақылауда болады.

Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы:

Мемлекет басшысы өңірлермен қоғамдық кеңестер арқылы берік байланыс орнату міндетін қойды. Бұл бізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әр адамның пікірі ескеріліп, әр азамат елдік мәселелерді талқылауға өз үлесін қоса алады. Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу.

Бөлісу