Алматыда 300-ге жуық самокат арнайы тұраққа қойылды
Алматы көшелерінде самокат пен мопед жүргізушілеріне бақылау күшейтілді. Демалыс күндері өткен рейд барысында 300-ге жуық самокат арнайы тұраққа қойылды.
Осылайша, полиция жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтап, қауіпті жағдайлардың алдын алуға басымдық беріп отыр. Бір ғана Жетісу ауданында жол қозғалысы ережесін бұзған 152 дерек анықталған. Оның ішінде көлікті пайдалану және жолаушы тасымалдау талаптарын бұзу фактілері де бар. Полицияның айтуынша, мұндай рейдтердің басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін заң бұзушылықтарды алдын алу. Бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғаспақ. Әсіресе, көлік қозғалысы көп және жол апаты жиі болатын жол учаскелеріне ерекше назар аударылады.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18