Lotos fest – 2026 фестиваліне 30 мың адам қатысты
Атырау облысы Құрманғазы ауданында өткен Lotos fest – 2026 фестиваліне 30 мың адам қатысты. Талайды таңдай қақтырып, тамсандырған лотос алқабын көруге еліміздің түкпір-түкпірінен де туристер келген. Күндіз келушілерге түрлі мәдени-танымдық және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Туристік сайыстар өтіп, қонақтар қайықпен серуендеп, лотос алқабын жақыннан тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Фестиваль аумағында жергілікті кәсіпкерлер үшін де арнайы алаңдар жұмыс істеді. 12 қолөнерші өз бұйымдарын таныстырып, 50 кәсіпкер сауда-саттық жүргізді. Ал кешкісін гала-концерт ұйымдастырылып, жергілікті өнерпаздармен қатар елімізге танымал эстрада жұлдыздары кештің көрігін қыздырды.
Берік Есенғалиев, саяхашы:
Ұйымдастыру жағы жылдан-жылға жақсарып келе жатыр. Туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік. Бұл жерге жақсылап траптар жасаған, келіп қарауға арнайы қайықтар ұйымдастырылған. Әсер өте керемет, келіңіздер, саяхаттаңыздар. Қазақстанның туризмі дамысын.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18