Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
Алматыда 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына дайындық барысы талқыланды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің қатысуымен өткен жиында қаладағы мемлекеттік органдардың сайлау күні атқаратын жұмысы пысықталды. Сондай-ақ, комиссия өкілдері «Open Almaty» 109 бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен де танысты. Мұнда тұрғындарға сайлауға қатысты сұрақтарға жауап беріледі. Қазір орталықта сайлау мәселелері бойынша 5 маман жұмыс істейді. Ал сайлау күні оператор саны 20 адамға дейін көбейеді. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта орталыққа күніне орта есеппен 190 өтініш түседі. Тұрғындар көбіне өз сайлау учаскесін анықтау, дауыс беру тәртібі және уақытша тіркеуге қатысты сұрақтармен жүгінеді. Айта кетейін, Алматы қаласында 9 аумақтық сайлау комиссиясы және 670 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 597 сайлау комиссиясы азаматтардың тіркелген жері бойынша, тағы 73 комиссия азаматтардың уақытша болатын орындарында құрылды.
Нұрлан Әбдіров, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
Барлық осы Алматыдағы учаскелер тиісті деңгейде материалдық техникалық жағынан толық қамтылған. Сонымен қатар ең бір маңызды мәселенің бірі бұл сайлау комиссияларының мүшелерін толық оқытып шығу. Біз кірісте бір мониторинг жасадық тесттен өткіздік содан кейін бірнеше сағат дайындықтар жасағаннан кейін, семинар өткізгеннен кейін тағы да сондай тесттен өткіздік. Айырмашылығы бар. Бүгінгі таңда жалпы комиссияса мүшелерінің бәрі дайын тиісті деңгейде дайын деп айта аламын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы