Басты Жаңалықтар Маңғыстау облысында жылыту маусымы қарсаңында газ жабдықтары тексеріліп жатыр

Маңғыстау облысында жылыту маусымы қарсаңында газ жабдықтары тексеріліп жатыр

Маңғыстауда жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Әсіресе, газбен жылытылатын жеке үйлердегі қазандықтардың қауіпсіздігіне баса мән берілуде. Себебі, өткен жылыту маусымында газдан уланып, 9 адам зардап шекті. Оның 5еуі - бала. Бір адам көз жұмды. Сондықтан мамандар үй-үйді аралап, қарапайым қауіпсіздік талаптарын түсіндіруде.

Газ тұтынушылар үшін басты талаптың бірі - қазандықты үйден бөлек орналастыру. Ішінде бөгде заттар болмауы керек. Сондай-ақ, мамандар газ сигнализаторын орнатуға кеңес береді. Айрақты ауылының тұрғыны Досбол Жанбаев бұл талаптарды сақтаған. Ол қазандықты жылыту маусымы алдында үнемі тексеріп, мұржасын тазартып отырады.

Досбол Жанбаев, Айрақты ауылының тұрғыны:

Сезон жақындағанда 1 ай, 15 күн қалғанда ремонттап, тазалап, ішін бәрін мұржасын бәрін тазалаймыз, газын тексеріп бәрін қарап дайындап қоямыз ғой қоса беруге. Өзіміздің бала-шағаның қауіпсіздігі үшін СКЛ: Ішінде ыс, түтін қалмасын деп бәрін тазалап кірісеміз.

Облыста газ құбырларына техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүріп жатыр. Орта және жоғары қысымды газ желілеріндегі қысым төмендетіліп, жер асты және жер үсті газ құбырлары тексерген. Оған қоса, мамандар үй-үйді аралап, қазандықтарда талаптардың орындалуын бақылауда. Аймақта 200 мыңға жуық газ тұтынушы бар. Оның шамамен 80 мыңы - жеке тұрғын үйлер.

Елдос Ізбенов, «ҚазақГазАймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы директорының орынбасары:

Газ тұтыну мұржалары үзіліп кеткен болуы мүмкін. Газ қазандығының талаптарға сай болмауы мүмкін.  Қарайған нарушениелер болады. Талаптарды орындамағандықтан ықтималдық көбейеді, улану қаупі жоғары болады. Уланудан бөлек жарылу қаупі де туындайды. Бір затқа мін берілмегені кесірі бір отбасын да алып кетуі мүмкін. Негізі газды пайдалану ережелерін қатты пайдалану керек.

Облыста өткен жылыту маусымында газ жабдықтарын пайдалану талаптарының бұзылуынан 5 рет газдан улану жағдайы тіркелді. Салдарынан 9 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапты. Сондықтан, мамандар тұрғындарды газды пайдалану кезінде сақ болып, қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. 

Бөлісу