Колумбияда жер сілкінісінен келген экономикалық шығын 9 млрд доллардан асты
Колумбияда өткен аптада болған алапат жер сілкінісінің зардабымен күрес жалғасып жатыр. Қуаты 7,4 баллдық зілзаладан 290-ға жуық адам қаза тауып, 4 мыңнан астамы жараланған. Жоғалып кеткендер 150-ге таяп қалды.
Дүмпуден елдің батысындағы Перейра және Кали қалалары ең көп зардап шекті. Мыңдаған ғимарат пен үйлер, мектептер мен ауруханалардың тас-талқаны шықты. Ел президентінің мәлімдеуінше, экономикалық шығын да артып келеді. Колумбия табиғи апаттан 9 жарым доллар жоғалтқан.
Абелардо де ла Эсприелла, Колумбия президенті:
Қазірдің өзінде экономикалық шығын туралы техникалық есеп дайын. Жекеменшік фирма Чоко, Рисаральде, Киндио, Кальдасе тәрізді қалаларда 30 триллион песоның мүлігі жойылғанын жариялап отыр. Осы соманың 25 триллоны - ғимараттарға, 5 жарым триллионы - инфрақұрылымға келген шығын. Енді апат әкелген зардаптың ауқымын өздеріңіз бағамдай беріңіздер.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18