Биылғы оқу жылында жаңадан 47 мектеп ашылады
Жаңа оқу жылында елімізде 47 мектеп пайдалануға беріледі. Оның 20-сы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Жыл соңына дейін өңірлерде тағы 64 білім ошағының құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Қазір әріптесім Ернұр Медет жиыннан тікелей эфирге қосылуға дайын. Ернұр, қыркүйекте оқушыларды тағы қандай өзгеріс күтіп тұр? Мектептер оқу жылына дайын ба?
Ернұр Медет, тілші:
Өзгеріс өте көп. Жалпы Тәуелсіздік алғалы елімізде 3 мың мектеп салынған екен. Соның мыңнан астамы соңғы 5 жылда бой көтеріпті. Аңдасақ, құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бірақ халықтың демографиялық өсімі мен урбанизацияны қуып жете алмай келеді. Бір ғана Алматы облысынан былтыр 18700 түлек қанат қаққан. Ал сол өңірде биыл 35 мыңнан аса бүлдіршін мектеп табалдырығын аттамақ. Келгендердің саны кеткендерден екі есе көп. Сондай-ақ бірқатар өңірде жұмыс қарқыны баяу. Олардың қатарында Алматы қаласы, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан және басқа да облыстар бар. Аталған аймақ әкімдеріне Премьер-министр ескерту жасады. Оқушылар үшін бірқатар жаңа пән мен курс қосылады. 5-7 сынып оқушылары «Конституция негіздерін», 8-11 сыныптар «Заң және тәртіпті», ал 5-11 сыныптар «Жеке қауіпсіздікті» міндетті түрде оқиды. Жаңа бағдарламаның мазмұны Конституцияның жаңа нормаларына сәйкестендірілді. Жаңа оқу жылы қарсаңында 2 миллионнан астам бала медициналық тексеруден өтті. Нәтижесінде әрбір тоғызыншы оқушыдан түрлі ауру анықталған. Енді ол жайлы толықтырып қорытынды жаңалықтарда айтамын.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тамыз кеңесі өтті
18.08.2026, 13:20
Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
18.08.2026, 13:17
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
18.08.2026, 13:15
Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
18.08.2026, 13:10
Логистикалық компанияға ₸262 млн 600 мың айыппұл салынды
18.08.2026, 13:07
Егін ору: 2,6 млн гектардан дәнді дақыл жиналды
18.08.2026, 13:05
Мектептерге санитариялық бақылау күшейді
18.08.2026, 13:03
Елімізде егін жинау науқаны былтырғыдан екі есе жылдам жүріп жатыр
18.08.2026, 11:03