Мектептерге санитариялық бақылау күшейді
Мектептерге санитариялық талаптардың сақталуына бақылау күшейтілді. Бүгін бұл жөнінде Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі мәлім етті. Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою үшін 8,4 мың нұсқама беріліп, жедел ден қоюдың 287 шарасы қабылданды. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, 13 тамыздағы жағдай бойынша нұсқамалардың 82,8%-ы орындалған. Яғни шамамен 7 мыңға жуық нысанда анықталған бұзушылықтар жойылды. Әсіресе мектеп асханаларын тексеру қарқынды жүріп жатыр. Мониторингпен 6 мыңнан аса мектеп асханасы, яғни олардың 95%-ы қамтылды. Министр оқу жылы басталғанға дейін барлық кемшілікті толық жоюды тапсырды. Мектептегі бала қауіпсіздігі мен дұрыс тамақтану талабы қағаз жүзінде емес, іс жүзінде орындалуы тиіс.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тамыз кеңесі өтті
18.08.2026, 13:20
Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
18.08.2026, 13:17
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
18.08.2026, 13:15
Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
18.08.2026, 13:10
Логистикалық компанияға ₸262 млн 600 мың айыппұл салынды
18.08.2026, 13:07
Егін ору: 2,6 млн гектардан дәнді дақыл жиналды
18.08.2026, 13:05
Биылғы оқу жылында жаңадан 47 мектеп ашылады
18.08.2026, 13:00
Елімізде егін жинау науқаны былтырғыдан екі есе жылдам жүріп жатыр
18.08.2026, 11:03