30 қыркүйекке дейін Дубайға ұшатын рейстер тоқтатылды
Қазақстандық әуе компаниялар 30 қыркүйекке дейін Дубайға ұшатын рейстерді орындамайды. Бұған Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай себеп. FlyArystan Ақтау – Дубай бағыты бойынша ұшуды уақытша тоқтатты. Билеттер 3 қазаннан бастап сатылымда. Алайда жағдайға қарай бұл мерзім де шегерілуі мүмкін. Ал, Air Astana компаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға қатынайтын рейстер саны қазан айында да қысқарғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, компания өкілдері рейстері тоқтатылған жолаушылар билет ақшасын толық қайтара алатын немесе 20 қарашаға дейінгі рейске қосымша ақысыз ауыстыру мүмкіндігі бар екенін айтты. Билетті компанияның басқа халықаралық бағытына да айырбастауға болады. Тариф қымбат болса, айырмасын жолаушы төлейді.Сонымен қатар, БАӘ-не сапар жоспарлап жүрген азаматтарға рейс мәртебесін алдын ала тексеріп отыруды ұсынады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы