Басты Жаңалықтар Екі жылда құтқарушылар 1,4 мың техникамен жабдықталды

Екі жылда құтқарушылар 1,4 мың техникамен жабдықталды

Соңғы екі жылда құтқарушылар 1400-ден астам жаңа техникамен жабдықталды. Төтенше жағдай қызметінің бөлімшелері авиация, заманауи құтқару жабдықтары, дрондар және байланыс құралдарымен толықтырылды. Бұл туралы Президент қабылдауында болған министр Шыңғыс Әрінов баяндады. Сонымен қатар бөлімшелерді жаңғырту жұмыстары қолға алынып, жаңа әмбебап құтқару құрылымдары, авиация және теңіз жасақтары құрылған. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 237 ерікті өрт сөндіру бекеті салынды. Министрдің сөзінше, әлеуметтік қолдау шаралары да қолға алынған. Құтқарушыларға арнап тұрғын үйлер салынып, баспана төлемдері төленеді. Президент министрліктің жұмысын оң бағалап, аудандық және ауылдық құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту іс-шараларын жалғастыруды тапсырды.

Бөлісу