Паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдеуге болады
Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті терминалдар арқылы ала алады. Қызмет биометриялық терминалдардың көмегімен жүзеге асады. Мұндай терминалдар жақын арада халыққа қызмет көрсету орталықтарына орнатыла бастайды. Бұл Цифрлық даму министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен жобасы. Қос министрліктің бұйрығында «бұл тәсіл кезек күтуді және көші-қон қызметінің мамандарына жүгінуді қажет етпейді», – деп көрсетілген. Терминалдар жақында Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы облыс орталықтарына және Байқоңырдағы «Азаматтарға арналған үкімет» кеңселеріне қойылмақ. Қызмет жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталуына 30 күннен аз қалған немесе жарамдылық мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспаған жағдайда ғана көрсетіледі. Терминалды 28 тамыздан бастап пайдалануға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы