Құрылтай сайлауын 700-ден астам халықаралық байқаушы бақылайды
23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде ұйымдастырылады. Оның 79-ы 61 шет мемлекеттегі Қазақстан өкілдіктері жанында орналасқан. Сайлауға халықаралық қызығушылық жоғары. Саяси науқанды 42 ел мен 13 халықаралық ұйымнан 777 халықаралық байқаушы бақылайды. Олардың қатарында 41 елден 138 парламент депутаты бар. Айта кетейік, халықаралық байқаушыларды аккредиттеу кеше, 17 тамыз күні аяқталған еді.
Ерлан Әлімбаев, ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі:
Иран мен Украинадағы әскери-саяси жағдайдың күрделілігіне орай Қазақстан Республикасының Иран және Украинадағы елшіліктері жанындағы сайлау учаскелері, сондай-ақ сайлаушылардың болмауы себебінен Эфиопиядағы сайлау учаскесінің жұмысын тоқтату туралы шешімдер қабылданды. Бүгінге 29 елден шетелдік журналист тіркелді. Географиясы өте кең. АҚШ-тан бастап, Польша, Чехия, Үндістан және солай кете береді.
Автор
Назерке Өтеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13