Басты Жаңалықтар Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр

Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр

Қостанай облысының Тобыл қаласында жаңа  «Астана» шағын ауданы салынып жатыр. Ауқымды құрылыс барлығы 1 млн шаршы метрді қамтиды. Алдағы төрт жылда шағын ғана шаһар сәулеті келіскен заманауи қалашыққа айналмақ. Биыл бірнеше нысанның құрылысы аяқталып, қолына пәтер кілтін алған тұрғындар да бар. Мәдина Нағашыбай тарқатсын.

Мәдина Нағашыбай, тілші:

Бұл жаңа бой көтеріп жатқан «Астана» шағын ауданыЕліміздің бас шаһары елорада сынды мұнда да зәулім ғимараттар  мен заманауи нысандар салынбақЖалпы аумағы бір миллион шаршы метрге барлығы 154 үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Осылайша, 60 мыңға жуық адам баспанамен қамтылады.

Өткен жылы басталған 10 нысанның құрылысы биыл аяқталып, 450 пәтердің кілті тұрғындарға табысталды. Қоныс тойын тойлағандардың бірі  көп балалы анаӘйгерім Шынтықова. Алты жылдан бері баспана кезегінде тұрған отбасы мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдікке ие болыпүйлі болды.

Әйгерім Шынтықова, Тобыл қаласының тұрғыны:

Льготный ипотекаға ілініп,сол льготный процентпен алып жатырмыз осы үйді. Процент өте төмен, платеж ыңғайлы. Үй өте әдемі, кең 3 бөлме. Балаларға өте ұнады.

Биыл тағы бес қабатты 13 нысан тұрғындардың игілігіне берілмек. Бұдан бөлек 9 қабатты тұрғын үйдің құрылыс қатар жүріп жатыр. Ал зәулім ғимарттардың ішіндегі  ең биігі 17 қабатқа дейін жетпек. Жалпы жоспар бойынша, 2030 жылға дейін ірі жоба кезең-кезеңімен іске асып, аяқталуы тиіс.

Олжас Нұрғалиев, Қостанай ауданының әкімі:

Мұндағы 745 пәтерді келесі жылы пайдалануға береміз. Сондай-ақ мемлекет қаражатынан бөлек, бұл шағын ауданда жеке инвестициялар салынуда. Қазіргі таңда жеке инвесторлардың есебінен тағы 30 үйдің ПСД әзірленіп жатыр.

Әл-Фараби Батқұлден, медігер компанияның өкілі:

Жиырма бес мың шаршы метрді құрайтын 3 қабатты жаңа ойын, сауда ойын-сауық орталығын салу негізделіп отыр. Ол өте Қостанай облысы бойынша үлкен жоба болайын деп тұр. Өйткені бұл жерге әлемдік брендтер келеді. Және де Қостанай облысының жалпы Қазақстанның қазіргі алында келе жатқан үлкен брендтерімен қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Тұрғындардың тұрмысына жайлы болуы үшін шағын аудан ішінде мектеп, балабақша, спорт кешені, сауда және ойын-сауық орталығы сынды бірқатар әлеуметтік және коммерциялық нысандар да бой көтереді. Қазір мұнда инфроқұрылымды ретке келтіру үшін  жарық, су желілері мен жол құрылысы қатар жүріп жатыр.


Бөлісу