Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
Жетісудың белсенді жастары Алакөл жағалауын күл-қоқыстан тазартты. Сонымен қатар табиғат сақшылары Ақши ауылындағы жағажайды ретке келтірді. Оған 100-ге жуық жас қатысып, 1 тонна 200 келі қалдық шығарды. Белсенділер демалушыларға қолғап пен қоқыс жинауға арналған қаптар таратып, балаларға шағын сыйлықтар да үлестірді. Ұйымдастырушылардың сөзінше мұндай экологиялық бастамалар жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, айналаны таза ұстау мәдениетін қалыптасыруға сеп болады.
Нұрасыл Тастамбеков, «Жетісу» КММ директорының орынбасары:
«Taza Post - Алакөл» атты шарамыз өтуде. Бұл шараның негізгі мақсаты осы Алакөл көліміздің табиғи тазалығын сақтау және өздеріңіз білетіндей жаз мезгілінде көптеген демалушылар келеді бұл жерге. Сол демалушылардың тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18