Басты Жаңалықтар Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі

Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі

Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту – Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы демократиялық үдерістерді дамытуға серпін беретін маңызды қадам. Кавказ халықаралық университетінің профессоры, «Жаһандық саясат және қауіпсіздік»атты магистрлік бағдарламаның жетекшісі Вахтанг Майсая осындай пікір білдірді.

Вахтанг Майсая, Кавказ халықаралық университетінің профессоры, «Жаһандық саясат және қауіпсіздік» атты магистрлік бағдарламаның жетекшісі:

Қазақстан – бүгінде жетекші мемлекеттердің бірі. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар аясында парламенттік құрылымды өзгерту және депутаттар санын 145 адамға дейін қысқарту – елдегі демократиялық өзгерістердің қалыптасуындағы өте маңызды кезең. Бұл мемлекеттің саяси жүйесін одан әрі нығайтады деп сенемін.


Бөлісу