Шымкенттке 1200-ге жуық ата-ана балаларының беймезгіл жүрісі үшін жауапқа тартылды
Шымкентте жасөспірімдердің түнгі жүрісі тыйылмай тұр. Еңбекші ауданында жыл басынан бері осыған байланысты 1200-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кезекті рейд кезінде тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарын да тексерді. Нәтижесінде заңды өкілсіз жүрген 43 бала анықталды. Олардың үшеуі тойханада даяшы болып жұмыс істеген. Кәмелетке толмағандардың беймезгіл уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берген бірқатар кәсіпкер де айыппұл арқалады.
Алма Сатқанбаева, Еңбекші ауданы прокуратурасының аға прокуроры:
Еңбекші ауданы бойынша 33 ойын сауық орнының егесі әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оның ішінде үшеуі қайталап жасаған, үшеуінің де қызметі сот актісімен тоқтатылды.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18