Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
Қарағанды қаласындағы Күнгей және Таугүл шағын аудандарында тұратын 5 мыңнан астам үй табиғи газға қосылмақ. Қазір мұнда алтыншы газ тарату кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Ал темір-бетон зауыты маңындағы жеке сектор тұрғындарына газ желісін тарту келесі жылға жоспарланған. Алайда жобаның жүзеге асуы қажетті қаржының бөлінуіне байланысты. Шахтинск қаласында газдандыру 2027-ші жылы басталуы мүмкін. Мұнда 230 шақырымнан астам газ құбыры тартылады деп жоспарланған. Жоба жүзеге асса, қаладағы 10 мың абонент көгілдір отанға қол жеткізеді. Сонымен қатар Шет ауданындағы төрт ауылды газбен қамту жобасы да әзірленіп жатыр. Ал Теміртау қаласында жоба толығымен аяқталды.
Алуа Төлеу, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Қарағанды және Теміртау қалаларында газ тарту желілері шамамен 16 мың үйдің ауласына дейін тартылды. Қарағандыда 10 000, ал Теміртауда 6000 үйдің газға қосылу мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда екі қаланы қоса алғанда 8 мыңнан астам абонент көгілдір отынды тұтынып отыр.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06
Sailau AI ЖИ көмекшісін іске қосты
19.08.2026, 13:03