Сайлау комиссиясының мүшелері жүйелі түрде оқытылып жатыр
Құрылтай сайлауы комиссиясы мүшелері жүйелі түрде оқытылып жатыр. Бұл туралы ТМД байқаушылар миссиясы хабарлады. Ұйымның мәліметінше, оқытудың үш кезеңді моделі құрылған. Орталық сайлау комиссиясы алдымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерін қашықтан оқытқан. Екінші кезеңде сол мамандар учаскелік комиссиялардың 31 мыңнан астам төрағаларын, төраға орынбасарларын және хатшыларын оқытса, үшінші кезеңде учаскелік сайлау комиссияларының басшылары комиссия мүшелеріне үйретеді. Оқыту тек теориямен шектелмеген, түрлі семинар-кеңестер өткізіліп жатыр. Сондай-ақ комиссия мүшелерінің сайлау күні атқаратын жұмыстары туралы жеке фильм дайындалған.
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13