Басты Жаңалықтар Түркия президенті күрд содырларына рақымшылық берді

Түркия президенті күрд содырларына рақымшылық берді

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мыңдаған күрд содырына рақымшылық жариялауды қарастыратын заңға қол қойды. Осылайша ресми Анкара Күрдістан Жұмысшылар Партиясымен бейбітшілікке тағы бір қадам жасап отыр.

Дегенмен жаңа заң осы партияның таратылғанын және қаруын тастағанын Түркия Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі растағанда ғана күшіне енеді.

Айта кетсек, түрік парламенті тарихи құжатты өткен аптада басым дауыспен мақұлдады. Оған сәйкес, Күрдістан Жұмысшылар Партиясының бес-он жылға сотталған, бірақ қайта қылмыс жасамаған мүшелері түрмеден босатылуы мүмкін. Дегенмен амнистияға партия лидері Абдулла Оджалан іліккен жоқ.

Күрд сепаратистері Түркияға қарсы көтерілісті 1984 жылы бастады. Содан бері екі жақ арасындағы қақтығыстардан 40 мыңдай адам қаза тапқан.

Бөлісу