Әлем жаңалықтарына шолу
Ердоған мыңдаған күрд содырын түрмеден босататын заңға қол қойды
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мыңдаған күрд содырына рақымшылық жариялауды қарастыратын заңға қол қойды. Осылайша, ресми Анкара Күрдістан Жұмысшылар Партиясымен бейбітшілікке тағы бір қадам жасап отыр. Дегенмен амнистияға партия лидері Абдулла Оджалан іліккен жоқ.
Израиль Идлиб провинциясына шабуыл жасады
Израиль әскері Сирияның Идлиб провинциясына шабуыл жасады. Және де Израиль Түркияны осы аймақтағы Әбу-әд-Духур әуе базасына әскер шоғырландырмақ деп кінәлады. Израильдің соққысын ресми Анкарамен бірге АҚШ әкімшілігі де айыптап, оны «қажет емес эскалация» деп сипаттады.
Орнына қайта қонатын зымыран сынақтан сәтті өтті
Қытайдың LandSpace стартапы ракетаны ұшырып, оны платформаға артымен қайта қондырды. Осылайша ғарыштық кәсіпорын Американың SpaceX және Blue Origin компанияларының қатарына қосылып отыр. Және де осы жетістік нәтижесінде Қытай көпқолбандалы зымыран саласында АҚШ-ты қуып жетуге шақ қалды.
Қалың қар түсіп, төтенше жағдай жарияланды
Боливияның Анд таулары аймағына қалың қар түсті. Ауа температурасының төмендеуінен жайылымдық жерлерді қар басып, 165 мың лама мен бірнеше отар қой азықсыз қалып, төтенше жағдай жариялауға тура келді. Сонымен қатар суықтан саудагерлер базардағы сөрелерін тастап кеткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы