Партиялардың соңғы теледебаты басталды
Дәл қазір 24kz арнасында партиялардың телевизиялық теледебаты басталды. Пікірталас алаңынан әріптесім Нұрсұлтан Тілектес бізбен тікелей байланысқа шығуға дайын.
- Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бұл теледебат - Құрылтай сайлауы алдындағы соңғы телевизиялық пікірталас. Бұған дейін ұйымдастырылған дебаттарда әр партияның бір өкілі шықты, командалық пікірсайыс болды. Ал бүгін партия төрағаларына сөз беріліп отыр. Тікелей эфирді 24kz арнасынан және осы телеарнаның Instagram, YouTube және Facebook желілеріндегі парақшаларынан көре аласыздар. Теледебат 20:00-де басталды. Жеребе нәтижесі бойынша пікірсайысты «Республика» партиясы бастайды. Одан әрі кезегімен «Байтақ», «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Әділет», «Ауыл», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және Қазақстан халық партиясы сөз тізгінін алады. Олар азаматтарға, жалпы көрерменге сайлауалды бағдарламалардың мән-мағынасы мен мазмұны жан-жақты түсіндіреді. Яғни, партия сайлаудан сүрінбей өтсе, қандай мәселені қолға алатынын, қай бағытта қалай жұмыс істейтінін баяндайды. Пікірсайыс «Дамыған экономика – қуатты қоғам» тақырыбына арналып отыр. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін үш теледебат өтті. Алғашқысын «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырды. Пікірсайыс бұл уәде беріп, үгіт-насихат жүргізуге арналған жиын емес, теледебат алаңында өзекті мәселелер қаузалып, өткір сұрақтарға жауап беріледі. Бір сөзбен айтқанда 7 партияның нақты ұстанымдары белгілі болады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18