Тұрғындарды тіркеу тәртібі өзгеруі мүмкін
Бұдан былай Алматыда тұрғындарды тіркеу кезінде пәтердің шаршы метрі ескерілуі мүмкін. Әкімдік әзірлеген заң жобасына сәйкес, бір адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын алаңы қарастырылмақ. Яғни аумағы 60 шаршы метр пәтерге төрт адамға дейін тіркеуге мүмкіндік берілуі ықтимал. Ұсыныс адам санын нақтылауға әрі жалған тіркеуге тосқауыл қою үшін жасалып отыр. Бұған дейін Наурызбай ауданындағы бір бөлмелі пәтерде 990 адамның тіркелгені анықталған болатын. Әкімдік бұл өзгеріс ішкі көші-қонды шектеуді көздемейтінін атап өтті. Қазір заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Өзгеріс қабылданса, Алматы тұрғындарын тіркеу барысында баспананың аумағы негізгі өлшемдердің біріне айналады.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00