Жатақханадан орын алмаған студент арнайы орталыққа жүгіне алады
Алматыда биыл шамамен 5 700 студентке орын тапшы.
Десе де жатақханаға өтініш беріп, бірақ орын ала алмаған студенттер қалалық ахуалдық орталыққа жүгіне алады. Ол Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында орналасқан. Сондай-ақ студенттердің өз университетіндегі арнайы орталыққа да жүгінуге болады. Егер университет қабырғасында орынжай жетіспесе, оларды хостелдер мен қонақүйлерге уақытша орналастыру мүмкіндігі бар. Өйткені бұл нысандармен қала әкімдігі ресми келісімшарт жасайды. Жауапты мамандар жатақханадағы орын ең алдымен бірінші курсқа түскен студенттерге берілетінін айтып отыр. Оқу жылы басталғаннан кейін алғашқы екі-үш айдың ішінде бос орындар пайда болуы мүмкін. Дәл осы орындар мұқтаж студенттерге қайта бөлінбек. Жалпы, Алматыда 2030 жылға дейін жатақханалардан 20 мың орын ашу жоспарланған. Биыл шамамен 4 700 орын пайдалануға берілуі тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы