Басты Жаңалықтар 29 штат Meta компаниясына қарсы сотқа шағым түсірді

29 штат Meta компаниясына қарсы сотқа шағым түсірді

АҚШ-та әлеуметтік желінің зияны туралы ең ірі сот басталды. Бұл процесс Калифорния штатының Окленд қаласында өтіп жатыр.

29 штат түсірген шағымға қарағанда, Марк Цукербергтің Meta компаниясы миллиондаған баланы Facebook пен Instagram-ға әдейі тәуелді еткен. Ол жеткіншектерді осы платформаларды пайдалануы арқылы мазасыздыққа, күйзеліске, тіпті өзіне қол жұмсайтындай жағдайға итермелеген деп отыр. Технологиялық компания болса, тағылған кінәні жоққа шығарып, пайда табу үшін өскелең ұрпақты желіге қасақана байламағанын мәлімдеді. Meta өкілдерінің сөзінше, жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануы мен олардың жағдайының нашарлауы арасында айқын байланыс бар екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген жоқ.

Болжамдарға қарағанда, айыбы дәлелденсе, Meta компаниясы 1,4 триллион доллар айыппұл төлеуі тиіс. Бұл – оның нарықтағы құнына пара-пар сома. Айта кетейік, талапкерлер «лүпіл» есептегіштер мен шексіз лентаны алып тастауды талап етіп отыр.

Бөлісу