150 мың SMS жіберген алаяқтар ұсталды
Астанада азаматтардың жеке
және банктік деректерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкерелtнді. Олар төрт күн ішінде
Beeline, Kcell және Activ абоненттеріне белгілі компаниялардың атынан шамамен
150 мың жалған SMS жіберген. Хабарламадағы сілтеме пайдаланушыларды жалған
сайтқа бағыттап, сол жерде банк картасының деректері, CVV және SMS-кодты енгізу
талап етілген. Қылмыстық схемада базалық станция жұмысын имитациялайтын «SMS-бластер» құрылғысы қолданылған. Оны Қаржылық
мониторинг агенттігі тәркіледі. Сараптама оны ақпаратты жасырын алуға арналған техникалық
құрал деп таныған. Төрт күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша тергеу
басталды.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00