Атырауда бір күнде 300-ден аса құқық бұзушылық анықталды
Атырауда бір күнде 300-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Заңды белшесінен басқандар республика көлемінде өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында әшкере болды. Оларға қатысты заң бойынша тиісті шаралар қабылданған. Рейд барысында жеке көліктер тоқтатылып, толық тексерілген. Бірінің құжаты дұрыс болмай шықса, бірі масаң, есірткі заттарын тұтынып темір тұлпар тізгіндеген. Айта кетейік, жыл басынан бері қала аумағында 700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан мыңнан астам адам түрлі дене жарақаттарымен медицина мамандарының көмегіне жүгінген.
Жәңгірхан Өсер, Атырау ҚПБ
патрульдік полиция батальоны командирінің қызмет жөніндегі орынбасары:
Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында 18-21 тамыз аралығында республикалық «құқықтық тәртіп» іс-шарасы өткізілуде. Соған байланысты полицияның жеке құрамы күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқаруда. Қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда заң нормаларын қатаң сақтауға шақырамыз.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18