Алматыда мектеп автобустарын тексерді
Алматыда жаңа оқу жылы қарсаңында 300-ден астам мектеп автобусы тексерілді. Полиция мамандары көліктердің техникалық жағдайына, қажетті құжаттарына және жүргізушілердің кәсіби даярлығына назар аударған.
Мұндай жедел профилактикалық іс-шараның мақсаты – жол қауіпсіздігін күшейту. Шара барысында әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мектеп маңындағы көше бойында орналасқан жол таңбаларының жағдайын тексеруде. Полиция өкілдері автопарк басшыларымен және автобус жүргізушілерімен де түсіндіру жұмыстарын Өткізіп жатыр. Оқу жылы басталғаннан кейін де мұндай бақылау жұмыстары жалғасады, - дейді мамандар.
Әбдінұр Тасыбаев, қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мектеп маңайындағы көше жол желісінде жол таңбасы мен жол белгілерінің болуын болмауын тексерістер жүргізуде. Сондай-ақ автопарк бекеттерінің басшыларымен автобус жүргізушілеріне жылдамдық режимін сақтауға жол ережесін бұзбауына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18