Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ТҮРКПА делегациясымен, ТМД және ШЫҰ миссияларының өкілдерімен сайлауға дайындық барысын талқылады. Кездесулерде дауыс беру тәртібі, сайлау процесінің ашықтығы және халықаралық байқаушылардың жұмысы сөз болды. Алдағы саяси науқанды бақылауға 42 елден 777 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Оның ішінде 617 байқаушы 13 халықаралық ұйымның атынан келген. Шетелдік мамандар Қазақстандағы сайлауда заманауи технологиялардың кеңінен қолданылуына ерекше назар аударды.
Осман Местен, ТҮРКПА миссиясының басшысы:
Бұл сайлауда жасанды интеллект пен басқа да технологиялық құралдардың барынша жоғары деңгейде қолданылып отырғанына куә болдық. Біз де Қазақстанның тәжірибесінен үлгі алғымыз келеді. Жалпы ТҮРКПА делегациясы ретінде осындай тарихи сайлауға бақылаушы болу – үлкен мәртебе әрі қуаныш. Түркі әлемі үшін түркі мемлекеттеріндегі барлық оң өзгерістер бізді қуантады. Орталық Азия елдеріндегі кез келген жетістік – бүкіл түркі әлемінің жетістігі.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13