СҚО-да дәндік жүгеріні өсіруді қолға алды
Солтүстік Қазақстан облысында дәндік жүгері өсіріле бастады. Тәжірибе ретінде енгізілген пилоттық жоба қытайлықтармен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Биыл Уәлиханов ауданында 200 гектар алқапқа тұқым сіңірілген болатын. Дәндік жүгері – жылу және ылғал сүйгіш дақыл.
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде, суармалы алқаптарда өсіріледі. Орта есеппен
гектарынан 15 центнер өнім жиналады. Ал солтүстіктің топырағында жүгеріні
суармай өсіру көзделген. Диқандар тәжірибелік алқаптан гектарынан 5 центнер
Өнім аламыз деп болжап отыр. Орақ қазан айының ортасында басталмақ. Мамандардың
айтуынша 5 түрлі тұқым
егілген. Тәжірибе қорытындысына сай, Солтүсүстік Қазақстанның климаттық
жағдайына ең оңтайлы түрі
таңдалып алынады. Егістікте минералды тыңайытқыштарды пайдалану әдістері,
арамшөп және зяинкестермен күрес тәсілдері де сыналады.
Нұрлан Оспанов, «Қазақстан астық
одағы» бірлестігінің төрағасы:
Мал шаруашылығын дамыту үшін сапалы азық қоры болуы шарт. Жүгері – маңызды дақылдардың бірі. Оны өсіру үшін шаруаларға көмек керек. Әрі егістік алқаптарды әртараптандырамыз. Пилоттық жоба жақсы нәтиже берсе, мұндай технологияны Солтүстік Қазақстан облысының өзге аудандарында да енгізу жоспарланып отыр.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00