Көшпенділер ойынына Жамбыл облысынан 22 спортшы барады
Қырғыз елінде өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Жамбыл облысынан 22 спортшы қатысады. Түркі жұртына тән ұлттық ойындарды ұлықтауға ат құлағында ойнайтын азаматтар мен балуандар барады.
Жігіттер
көкпар, көк бөрі, бәйге, аударыспақ, жамбы және асық атудан сынға түседі.
Байрақты бәсекеге баратындар мамыр айынан бері тыңғылықты дайындалып келеді.
Бұған дейін оқу жаттығу жиыны 3 рет Алматы облысында ұйымдастырылды. Қазір соңғы даярлық
жұмыстарын Ыстықкөл жағасында өткізіп
жатыр.
Жанкүйерлер әсіресе көкпар ойынына көп үміт артып отыр. Өйткені өңірдің
«Әулиеата» клубы 16 дүркін ел чемпионы атанған. Ал ұлттық құрамадағы 6 спортшы
сол клуб сапында өнер көрсетеді.
Атамекен Рүстемов, «Әулиеата» спорт клубының басшысы:
Биылғы дайындықтарымыз өте күшті. Облыс сапынан болсын, республика қарамағынан болсын жауапкершілік өте қатты болып жатыр. Бұндай оқу, жаттығу жиындары еш уақытта болмаған. 50-ге жуық ат келді, 30-ға жуық спортшымыз келді. Соның ішінен сайдың тасындай іріктелген балалар жиналып, биылғы оқу жаттығу жиыны өте жоғары дәрежеде деп айтсақ болады.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18