Мәйіті табылған альпинистің кім екені анықталды
Алматы облысының Талғар ауданындағы Северцев мұздығынан табылған мәйіттің кім екені анықталды. Ол 19 жыл бұрын тауда жоғалып кеткен Сергей Михеев есімді альпинист болып шықты.
Оқиға Алматы тұрғыны Анастасия Ахметованың әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін белгілі болды. Ол таудан табылған альпинистің құрал-жабдықтары мен жеке заттарының суреттерін жариялаған. Бұл суреттерді оған Беларусьтен келген турист достары жіберіпті.
Нелля Михеева, марқұмның қызы:
2007 жылдың тамызында әкем тауға кеткен еді. Оның алдын ала жоспарлаған бағыты болатын. Алайда белгіленген уақытта үйге оралмады. Бірден алаңдап, құтқарушыларға хабарластық. Тікұшақпен тауды түгел қарап шықтық. Бірақ әкемді де, заттарын да таба алмадық. Жақындарым кеше әлеуметтік желідегі суреттерді жан-жақтан жіберді. Кейін сөмкенің ішінен әкеме тиесілі жеке куәлігі табылды.
Осылайша, әлеуметтік желідегі кездейсоқ жазба 19 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен альпинистің тағдырын анықтауға себеп болды. Шетелдік туристер адам денесін теңіз деңгейінен шамамен 3400 метр биіктіктен тапқан. Құтқарушылар мәйітті «Қазавиақұтқару» тікұшағының көмегімен таудан түсіріп, жедел-тергеу тобына тапсырған. Полиция қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18