Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
Халықаралық байқаушылар алдағы Құрылтай сайлауына дайындық
барысымен танысты. Орталық сайлау комиссиясының
төрағасы Түркі мемлекеттері ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық
ұйымының өкілдерін қабылдады. Байқаушылар жасанды интеллект пен басқа да
технологиялық құралдардың жоғары деңгейде қолданылып отырғанын атап өтті. Алдағы
саяси науқанды бақылауға 42 елден 777 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Оның
617-сі 13 халықаралық ұйымның атынан
келген.
Нуру Гулиев, Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары:
Біздің ұйымнан 10 өкіл бақылаушы болады. Жаңа Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Әбдіров мырзамен кездесуден ұққаным - бауырлас Қазақстан мемлекеті бұл саяси науқанға тыңғылықты дайындалған. Осы атқарылған жұмыстардың арқасында әділ әрі ашық сайлау өтіп, азаматтар өздері таңдаған өкілдерін Құрылтайдан көре алады деп ойлаймын.
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00