Ресейде жас ғалымдар сайлауға белсенді түрде қатыспақ
23 тамыз күні Ресейде бес сайлау учаскесі ашылады. Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде орналасқан нөмірі 429 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғы жетіден бастап жұмыс істейді. Шетелде уақытша тұрып жатқан отандастарымыз да өз конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Мәскеуден 125 шақырымдағы Дубна қаласында орналасқан Біріккен ядролық зерттеулер институтында 100-дан астам отандасымыз қызмет етеді. Олар Қазақстанның атом саласын дамытуға өз үлестерін қосуда. Жас ғалымдар ел болашағы үшін сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға дайын.
Нұрзада Сақтағанов, Бязи жоғары энергия физикасы зертханасының ғылыми қызметкері:
Бұл еліміздің саяси жүйесіндегі маңызды және жаңа кезең. Алғаш рет халқымыз бір палаталы парламент құру үшін сайлауға қатысады. Біз Біріккен ядролық зерттеулер институтының жас ғалымдары Қазақстанның азаматтары ретінде Мәскеу қаласындағы елшілікке барып, дауыс береміз.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13