Құрылтай сайлауы: Қалай дауыс беруге болады?
Құрылтай депутаттарының сайлауына екі күн қалды. Осы жексенбіде қазақстандықтар өз таңдауын жасайды. Бұл саяси науқанда 7 партия бәсекеге түседі. Олар бюллетеньде келесі ретпен орналасқан. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, азаматтар 10 424 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Соның ішінде 61 шет мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылған. Дауыс беру үшін жеке басты куәландыратын құжат қажет. Дауыс беруге 18 жасқа толған және сот шешімі бойынша сайлау құқығынан айырылмаған Қазақстан азаматтары құқылы. Учаскеңіз туралы мәліметті eGov Mobile қосымшасындағы «Танымал қызметтер» бөлімі арқылы да біле аласыз. Дауыс беру үшін бюллетеньдегі өзіңіз қолдайтын саяси партия атауының оң жағына немесе «Бәріне қарсымын» деген жолдың тұсындағы шаршыға кез келген белгі қойсаңыз болады.
7 партия бәсекеге түседі:
· «Әділет» партиясы· Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП)· «Байтақ» қазақстандық жасылдар партиясы· Қазақстан Халық партиясы (ҚХП)· «Ауыл» партиясы· «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы· «Respublica» партиясы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы